«    Апрель 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 




Новости : Туберкулез жұқпасының таралу жолдарымен көздері.

27.08.2015

Туберкулез- тұрғындардың денсаулығына біршама нұқсанкелтіретін әлемде ең ауқымды таралған жұқпалы аурулар қатарына жатады.1993 жылы Дүниежүзілік Денсвулық сактау Ұйымы туберкулезді жалпы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесініңглобальды мәселесі деп жариялады. Қазіргі танда жер бетіндегі бүкіл халықтың 1/3 бөлігі туберкулез микобактериясымен жұқтырылған, ал жыл сайын жуық шамамен 8,4 млн. Туберкулездің жаңа жағдайлары тіркелсе, шамамен 2млн. адам осы аталған аурудан көз жұмады.

 

Жұқпаның өзге қоздырушыларынақарағанда, туберкулез микобактериясынан адамдар көбірек қайтыс болады.

 

Туберкулез науқастаррының 75% -зы 20-40 жас аралығындағы, яғни еңбекке біршама жарамды жастағы адамдар болғандықтан, туберкулез анықталған жанұялар үлкен зардаптарға душар болып, мемлеке айтарлвқтай экономиқалық шығындарға тап болады.

 

Дүниежүзіліқ денсаулық сақтау ұйымы туберкулез жағдайларыны4 біршама жағдайларын емдеп-жазуға болатындығын дәлелдеді. Сырқаттың анықталуы және оны емдеу шаралары дұрыс та, тиімді тағайындалған болса, туберкулез науқастары толығымен жазылуы тиіс.

Туберкулез- туберкулез микробактериясы деп аталатын (ТБМ) микроагзаларының адам ағзасына түсе салысымен, дами бастайтын жұқпалы ауру. 1882 жылы неміс ғалымы Роберт Кох аталмыш ауру мен ТБМ -сын ашқаныдығы үшін Нобель сыйлығын иеленді. Бактерияны микроскоппен қарағанда иілген жұқа таяқша түрінде көрінетіндіктен, оны туберкулез таяқшалары деп атайды.

Өткен ғасырларда, туберкулез немесе солзаманда аталғандай «чахотка» ауруы соғыс уақытымен салыстырғанда, бейбіт өмірде өмір сүрген көптеген ғұлама адамдардың бұл дүниден кетуіне себепші болып, мемлекеттердіңқанырап қалуына да өз әскерін тигізді. Еске сала кететін болсақ, туберкулезбен Антон Чехов, В.Белинский, Н.Добролюбов, Дж. Байрон, Ф.Шопен, Шоқан Уалиханов сынды әйгілі адамдар ауырған.

Туберкулез микобактериялары қоршаған ортаның әсеріне төзімді болып келеді. Олардың таралуына ең жайлысы адам денесінің температурасына сәйкес келетін температура болғандықтан, олар адам немесе жануар ағзасында тез тарайды.Микобактериялар ағзадан тыс тарай алмайды, деменмен қараңғы, жылы және дымқыл жағдайлардаолар өздерінің өмір сүру қабілеті менжұқпалығын ұзақ уақыт бойында сақтап қала алады.

Күн сәулесінің тікелей әсерінен қақырықтың жұқа қабатындағы туьеркулез олар екі апта мерзімінде, ал кітап парақтарында -3 айға дейін, суда -5 айға дейінсақталып қала алады. Бактериялар жоғарғы температураларға төзімсіз болғандықтан, қайнату барысында олар өз тіршіліктерін бірнеше минут ішінде жояды.Еркін қарқынды хлор бөлетінкейбір химиялық заттар (3-5% хлорамин ертіндісі, 10-20% хлор ізбестінің ертіндісі және т.б.) туберкулез микобактерияларыын 2- 5 сағат шамасында жоя алады.

Туберкулез бактериялары адам ағзасына әртүрлі жолдармен ене алады, сондықтан сау адамдарды бұл жұқпадан алдын алу мақсатында, сақтанужолдарын жетік білген жөн. Туберкулез жұқпасының ең басты қөзі туберкулез науқасы мен оның бөлетін қақырығы болып табылады. Қатты сөйлеу, түшкіру, әсіресе жөтелу кезінде ауыздан сілекейдің ұсақ, қөзге көрінбейтін тамшылары ұшады. Сау адам жұқпасы бар ауамен тыеыс ала отырып, туберкулезбен шалдығуы мүмкін. Мұндай жұқтыру түрі ауатамшылы деп аталады.

Тазалықты сақтамайтын (салақ) науқастың жерге немесе еденге түкірген қақырығы кепкеннен кейін ауаға көтеріле отырып, заттарға, киімдерге және қабырғаларға қонады. Бұлжағымыз әдеттен, яғни қақырықты немесе түкірікті қалай болса солай түкіруден қоғамды арылту қажет.

 

Әрбір жөтеліп жүрген ауруға шалдыққан адам,қақырығын арнайы контейнерге -түкіргішке ұқыпты түрде жинауы тиіс.

 

Микробтары бар шаң -тозаң ауамен бірге өкпеге барып сау адамды сырқаттауы мүмкін. Мұндай жұқтыру түрі ауа-тозанды деп аталады.

Сау адам ж ұқпалы заттпен тікелей жанасуы арқылы да болуы мүмкін.

Мұндай жұқтыру түрі қатынасты деп аталады. Әдетт мұндай жолмен ауруға шалдыққан мүшесі бар жанұяның балалары ауырады. Себебі, балалар саусақтарынжиі ауыздарына салатындықтан, туберкулезбактериларытікелейжұтыну арқылы енеді. Қатынастағы жұқпасы, әсіресе, туберкулезнауқасы қақырығымен төсек-орынды, киімді былғайтын болса және де түкіргіш балалардың колдары жететін жерде орналасқан жағдайда қарқынды түрде тарайды. Туберкулез жұқпасы, сонымен қоса, сүйген жағдайда да, кейбір кездері тіпті қол алысқан жағдайда да жұғуы мүкін. Туберкулез м+и+кобактериясының қатынасты түрде енуі,ауру қоздырушысы зақымдалған тері қабаты немесе сілемейлі қабат арқылыболатын хирургтарда, патологоанатомдарда, зертханашыларда, қасапшыларда және даяршылардабайқалады.

Сондай-ақ,туберкулезге шалдыққан жануарларда туберкулез жұқпасының қөзі бола алады. Ол әсіресе, ірі-мүйізді малдар арасында жиі кездеседі. Доныз, ит тауық, қой жәнежылқылар арасында сирек болады. Адамдар жұқпаны, көп жағдайда, малдардынсүт арқылы жұқтырады. Сиыр желіні туберкулезге шалдыққан жағдайда, сүтте туберкулез бактериялары пайда болады.Сондықтан, сүтті шикі күйінде емес, тек қайнатып алып немесе пастерленгеннен кейін ғана ішу керек.

Туберкулез жұқпасының құрсақіші арқылы таралу түрі сирек кездеседі.

Әдетте, туберкулездің қарқынды түрімен ауыратын әйелдер де дүниеге дені сау баланы әкеле алады. Жаңа туған нәрестені туа салысымен анасынан оқшауап, вакцина жүргізгеннен кейін, сәйкес гигиеналық жағдайда ұстаса, ол сау болып өскенімен қоса, келешекте де салауатты өмір кешеді.

Туберкулез дертін ерекше жұқтырғанның өзінде де ТБМ-сы науқастардың ұрықтарында өте сирек кездеседі. Жұмыртқа жасушасында туберкулез микобатериялары әлі күнге дейін табыла қойған жоқ. Туберкулез науқастарынан алынған ұрықтар (плод) мен тұқымға (зародыш ) жүргізілген зерттеулерде де микобактериялар анықталмаған.Осыдан шағатын қорытынды, аталған сырқаттың тұқым қуалаушылығы дәлелденбеген.

 

Сонымен, эпидемиологиялық жағынан біршама маңызды және жұқтырудың басты жолы ретінде ауа-тамшылары арқылы таралу болып табылады, яғни ТБМ-сы туберкулезге шалдыққан жұқпалы түрімен ауыратын науқастан сау адамдарға жөтел, түшкіру және сөйлесу арқылыберіледі.

Туберкулез бактериялары ауада ьірнеше апталар бойы өмір мүреалады.

Осы себептен, туберкулездің ашық жұқпалы түрімен ауыратын науқас ұзақ уақыт бойында нашар желдетілген бөлмеде отырған болса, ауадағы бактериялар мөлшері одан әрі артады. Ал, ол ауамен өзге адамдар тыныс.

 

 

2015 жылғы 21 тамыздағы лекциясы

 

Оқыған Фтизиатр дәрігер: Оразова Ж.А.