«    Апрель 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 




Жедел медициналық жәрдемді шақыру ережелері.

Жедел медициналық жәрдем бригадасын «103» телефоны немесе кез келген ұялы телефон бойынша шақыру тегін.

            Жедел медициналық жәрдем шұғыл медициналық кірісуді қажет ететін жағдайларда  медициналық қызметкерлермен азаматтарға көрсетіледі,  жеке меншік түрі және ведомстволық және аумақтық бағыныштылығына қарамастан медициналық ұйымдармен жүзеге асырылады.

            Жедел медициналық жәрдем ұйымы - жол бойында, сондай-ақ оқиға орнында, жіті ауыр ауруларда, жазатайымда пациент және (немесе) қоршағандардың өміріне қауіп төндіретін жағдайларда, балалар мен ересек тұрғындарға тәулік бойы шұғыл медициналық жәрдем медициналық ұйыммен көрсетіледі.

             Шақыру түскенде келесідей деректер белгіленеді:

1)  пациенттің тегі, аты, әкесінің аты, жасы мен жынысы;

2)     аурулар немесе жазатайым жағдай жайы және пациенттің жағдайы бойынша қысқаша деректер;

3)     дәл мекенжайы мен телефоны, подьезд есігінің коды, сондай-ақ пациент орналасқан орынға жету бойынша болжалдық деректер.

 

            Жедел медициналық жәрдемді ұйымы шығу бригадаларын келесілерге бағыт-тайды:

1)      науқастарды тасымалдау және жедел медициналық жәрдем көрсетуге:

-    жазатайым жағдайларда, жарақаттарда және улануларда;

-   қоршаған тұлғаларға және науқастың денсаулығына қауіп төндіретін, оның ішінде психикалық ауруларда;

-    босанулар мен жүктіліктің өту күрделігінде.

2)  алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету мамандарымен (емханалар) шақыру бойынша, шұғыл медициналық жәрдемді қажет ететін науқастарды госпитализацияға тасымалдау

Науқасты шұғыл тасымалдау үшін жедел медициналық жәрдемді шақырған емдеуші дәрігер жұмыс орнын, тегін, атын, әкесінің атын айтуға және бригада жеткенше тосуға міндетті.

Шұғыл стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына өміріне қауіп төндіретін аурулармен пациентті тасымалдау жағдайында, жедел жәрдем дәрігерінің рұқсатымен онымен бірге туысқанының (бір адамнан артық емес) болуына рұқсат етіледі.

Шұғыл қызмет көрсетуді қажет етпейтін жағдайларда, ауысымның аға дәрігері немесе жедел медициналық жәрдем ұйымының дәрігер-консультанты медициналық жәрдемге жүгіну үшін медициналық ұйымның координатын (мекенжайы, телефоны) пациентке ұсынады немесе осы шақыруды емханаға дәрігермен ем тағайындау үшін қайта адрестейді.

 

Жедел медициналық жәрдем ұйымы бермейді:

1)   сот-сараптамалық тұжырымды;

2)    мас болу жағдайындағы және психоактивтік заттарды қолдану жәйтін белгілеу үшін медициналық куәландыру тұжырымын;

3)  Осы Ережемен белгіленгеннен басқа жағдайларда, пациенттерге немесе олардың туыстарына тұжырымдарды, басқадай хаттай анықтамаларды.

 

   Жедел медициналық жәрдем ұйымы мына жағдайларда шақыруларға қызмет көрсетпейді:

1)     шұғыл және қауырт медициналық жәрдем қажет болмағанда;

2)     алғашқы медико-санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың жұмысы уақытында медициналық жәрдем көрсету қажет етілгенде;

3)     медициналық ұйымдармен тағайындалған емдеу процедураларын орындау қажеттілігінде;

4)     шұғыл госпитализациялауды қажет етпейтін, жүктілер мен науқастарды, зардап шегушілерді тасымалдау;

5)     сот-психиатриялық және сот-медициналық, сот-наркологиялық сараптаманы өткізуге;

6)     медициналық ұйымдарда жоспарлы консультативтік көмекті көрсетуге;

7)     стационарлардан науқастарды үйіне жеткізуге;

8)     өлім актісін жасау және куәландыруға.

 

 

      Зардап шегушілер және науқастарды госпитализациялау жөніндегі ақпаратты аурухананың тәулік бойғы анықтамалық үстелі береді -  2-15-55.

 

      Жедел медициналық жәрдем бригадасын әдейі жалған шақыруға кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамаларына сәйкестікте жауапкершілікке тартылады.

 

Дәрігер; Н.Қ.Асаинова.