«    Апрель 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 




Ұрпақ денсаулығы – өзімізден.

Кейінгі жылдары ел арасында туберкулез ауруының белең алып отырғаны

көпке аян. Аурудың аса қауіптілігі сол -оған кез келген жастағы адам шалдығуы

мүмкін.Әсіресе,жас балалар үшін бұл ауру аса қатерлі ,себебі әлі буыны бекіп,

бұғанасы қатпаған жас организм ауру инфекциясына қарсы тұруға қауқарсыз.

Әсіресе, отбасы мүшелерінің біреуі туберкулез аурумен ауырған жағдайда сол

отбасындағы балаларға аурудың аурудың жұғу ықтималдығы жоғары.Ауруды кез

келген жағдайда,көшеде ,жолда жұқтырып алу қаупі бар.

Сондықтан,балаларды бейтаныс немесе жақсы білмейтін адамдардың қолға алуына,

құшақтап сүюіне,түрлі ойыншықтар сыйлауына болмайды. Көбіне -көп адамдар өздерінің

сырқаттанып қалғаныңда байқамайды. Демек, жас балаға күтуші таңдағанда ,оның

денсаулығы туралы сұрап,дәрігерге көрсеткен жөн.Әсіресе, тық-тық жөтеліп, денесі.

Қызып,мазасызданатын,онысын жасы жеткендіктің,кәріліктің немесе темекі шеккен-

дің әсері деп ойлайтын әжейлер мен атайлардың денсаулығыңа мән берген жөн.

Себебі,жиі жөтел мен тұмау туберкулездің әсерінен де болуы мүмкін.

Отбасы мүшелерінің біреуі аталмыш аурумен ауыра қалған жағдайдың өзінде

өзінде баланы бұл аурудан сақтап қалуға болады. Ол үшін ең алдымен ауру адам-

ның өзі балаға ауру жұқтырмаудың жайын ойлағаны жөн,яғни барлық қажетті

санитарлық - гигиеналық ережелерді сақтауға міндетті; арнаулы түкіршігін үнемі

залалсыздандырып отыруы,жеке орамалы,төсегі болуы шарт. Ауру адамға баланы қолы-

на алуға,сүюге,тамақ беруге болмайды. Баланың тұратын жері таза болуы керек,шыбын

шіркейлердің түрлі инфекцияны тасымалдаушы екенін ескере отырып,олардың пайда

болмауына жағдай жасңыз. Баланың тазалығы үнемі назарда болуы керек,оның төсегін

жиі қағып -сілкіп, бөлмесін үнемі желдетіп отырған орынды.

Балаға тамақ даярлар алдында немесе оны алдыңызға аларда қолды сабындап жуу

керек. Туберкулездің алдын алудың ең басты шарасы туберкулезге қарсы егу.

Жаңа туған нәрестелер мен мектеп жасына дейінгі балаларға туберкулезге қарсы вакцина

егіледі.Туберкулезге қарсы жүйелі түрде егуді жүргізу балалардың арасында аурудың

таралуын 4-6 есе кемітеді.Сонымен қатар,бала организмін шынықтыруды да ұмытпаңыз.

Кішкене күнінен таза ауада ұзақ болуын қадағалау,таза ауада ұйықтату бала организіміне оң ықпалын тигізеді. Баланы қымтап-шымқай берген дұрыс емес.

Баланы тоңбайтындай,сонымен қатар ыстықтамайтындай,етіп киіндіру қажет.

Жаздыгүні күнге тотығып суға шомылған дұрыс, суық су құйынып, спртпен

айналысуы на жәрдемдесеңіз.

Күн режимін сақтау да балалар үшін аса маңызды шарт Балалар арасыңдағы

аурудың алдын алу шаралары үш бағыт та жүргізіледі

Жұғуға қарсы күрес, балалардың денсаулығың нығайту,туберкулезге қарсы егу

арқылы балалар организімінің ауруға қарсылығын арттыру

Сонымен,балалар арасында сауықтыру шараларын кең түрде жүргізу,дүниеге келген

күнінен бастап баланы ауру инфекциясын жұқтырудансақтау

Туберкулезге қарсы егумен жаппай қамыту,аурудың ж7аңа біліңе бастағаң шағында

нәтижелі ем қолдау -жас оскіндердің іңдет тұзағына ілікпеуіңе жағдай жасайды

 

ВРАЧ ФТИЗИАТР: Ж.А. ОРАЗОВА

 

 

 

Балалар мен жасөспірімдерде кездесетін туберкулезді менингит.

Ми қабатының туберкулезге шалдығуы , ерте жастағы балаларда

Жиі кездеседі. Туберкулезді мененгит - туберкулездің аса қауіпті түрлерінің бірі. Аталған ауру кеш анықталып, оған дереу ем бастамау салдары, науқастың өліміне әкеп соғады.

Аурудың бас кезінде,балада жалпы ауырсынулар мен температураның жоғарылауы байқалады. Бұл белгі беру, яғни хабаршы кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде бала әлсіз, ұйқышыл, қырсық ,ашушаң болып, тамаққа тәбеті жоғалып,ұйқысы бұзылады. Кейбір кездерде бала басының ауыратындығына шағымданып, сабақ қарауға ынтасы жоғалады. Ерте жастағы балаларда ас қорту ағзаларының бұзылуы байқалады. Бұл алғашқы кезеңде мененгитті анықтау қиындықтарға тіреледі. Бірақ, дәрігерде күмән болса,аурудың нақты диагнозын қою мақсатында жұлын сұйықтығына зерттеу жүргізуі тиіс.

Уақыт өте келе,балның басы тұрақты ауруға көшеді ; ауырсынудың қатты болғандығы соншалықты, кейбір жағдайларда науқастың айқайлауы мүмкін. Бұл аурудың белгілеріне,сонымен қатар тамақ ішуден тәуелсіз жүректің айнуы болады.Баланың ұйқысы келіп, жарықтан жасқана бастайды да, аяқтарын ішке қарай жинап, төсекте бір бүірімен жата бастайды.

Дер кезінде басталған ем, туберкулездің осындай ауыр турінен сауығуға мумкіндік береді,

Лекцияны қортындылай келе, балаларда туберкулезді дер кезінде анықтау, қазіргі заманғы медицинаның басты мақсаты екендігің айта кеткен жөн. Диагностиканың ең басты әдістерінің бірі рентгенологиялық зерттеу болып табылады.

Балалардағы ауруды зерттеуде туберкулинді сынама немесе Манту сынамасының маңызы зор. Балалар мен жасөспірімдердің туберкулезге шалдығуының алдын алу мақсатында сақтандыру екпелері егіледі (БЦЖ вакцинасы), оның алғашқысы сәби перзентханада дүниеге

Келгенде егіледі. Қайта егілетін туберкулезге қарсы екпелер орта мектептерде бастауыш сыныптарда жургізіледі.

Вакцина (екпе материалы) тірі әлсіз , улы қасиетінен айрылған туберкулез таяқшаларынан тұрады. Бұл вакцинаны егу туберкулез ауыруын қоздырмайды, керісінше оны еккенен кейін ағзаның туберкулезге шалдығуына қарсы төтеп беруін арттырады. Екпе жасалған балалар, туберкулезге қарсы вакцина жүргізілмеген балаларға қарағанда сирек ауыратындығы осыдан.

Фтизиатр дәрігері: Ж.А. Оразова

 

Жүктілік кезіндегі және босанғаннан кейінгі туберкулез.

Жүктілік пен босану эндокринді жүйе қызметінің қайта құрылумен, иммунитеттің өзгерісімен қабаттаса жүреді және туберкулез ауруына қатысты фактор болып табылады. Жүкті әйелдер мен босанғандардың ауруға шалдығуы, жалпы әйел адамдарға қарағанда 1,5 - 2 есе жоғары.

Туберкулезді дер кезінде анықтау мақсатында елімізде босанған барлық әйелдерге міндетті флюорографиялық тексеріс жасау жайлы шешім қабылданған. Сондықтан осы зерттеуді уақытында, яғни босанғаннан кейін бір ай ішінде жасау керек.

Туберкулез жүктіліктің кез келген кезеңінде пайда болуы мүмкін, дегенмен ауруға шалдығуы босанғаннан кейін 6 айдан кейін жиі байқалады. Жүкті кезінде немесе босанғаннан кейінгі кезеңде пайда болған туберкулез, жүкті болғанға дейінгі кезеңге қарағанда ауыр өтеді. Туберкулездің айқын улануы бар аурудың асқынған процесі, тұқымның дамуына кері әсер етіп, өздігінен болатын түсікке алып келеді.

Егер де жүктілік туберкулезбен ауырып жүрген кезде анықталса, онда аурудың асқынуы жүктіліктің алғашқы айларында байқалуы мүмкін. Бұл әйел адамның жалпы күйінің нашарлауымен, оның әлсіздігімен, жөтелдің пайда болуымен, салмағының азаюымен, тұрақты температурасының болуымен байқалады.Аталған белгілер жүктіліктің төртінші айының соңында саябырсиды. Кейбір науқастарда, асқынулар жүктіліктің 5 - 7 немесе 9 айында қайталануы мүмкін. Туберкулездің жиі кездесетін түрлеріне ыдырау кезеңіндегі инфильтратты түрі, шаыранды (шашыранды) түрі, экссудативті өкпе қабынуы жатады.

Босану - біршама қауіпті кезең болып табылады,себебі туберкулезге шалдыққан жүкті әйел адамдарда туберкулездің асқынуы мен кейбір жағдайларда туберкулезді менингиттің пайда болу қаупі бар.Дене температурасы жоғарылап, жөтел мен әлсіздік пайда болып,тәбеттің төмендеуі пайда болып, қақырықта туберкулез микобактериялары да болуы мүмкін.

Уақытында диагностика жасамай, ем жүргізбеу салдарынан босанғаннан кейінгі кезеңдегі (босанғаннан кейін бір жыл мерзімінде) туберкулезден қайтыс болу 20% құрайды.

Өкпе туберкулезі, әсіресе, жүктіліктің барысында немесе босанғаннан кейін алғашқы кезеңдерде ауырған әйел адамдарда ауыр өтеді.Жүктілік барысында қақырықты 2-3 апта бойындағы жөтел, дене температурасының жоғарылауы, кеуде қуысының ауырсынуы, шамадан тыс тершендік,әлсіздік байқалған болса, онда дереу әйелдер кеңесінің акушер -гинекологына жүгінуі керек. Ол өз кезегінде ТБМ-ң бар -жоқтығын тексеру мақсатында қақырыққа зерттеу мен рентгенологиялық тексеріс жүргізіп болғаннан кейін, қажет деп тапқан жағдайда науқасты туберкулезге қарсы диспансерлерге жібереді.

Жүктілік кезінде рентгенологиялық зерттеу,ұрықты жауып тұру арқылы жүргізіледі.

Көп жағдайларда, жүкті әйелдер жоғарыда аталған белгілерді токсикозбен шатастырып алады. Сол себепті, дәріге уақытында қаралып, қажетті диагностикалардан өтіп тұру керек.

Туберкулез анықталған әйел адамдардың жүктілікті жалғастыруы немесе үзуі жайлы мәселенідәрігер шешеді. Бірақ көп жағдайларда,емді туберкулезге қарсы препараттармен жалғастыру арқылы жүктілікті аяғына дейін көтеруге рұқсат беріледі.

Туберкулезге қарсы ем көп жағдайларда жүктіліктің анасы мен бала үшін ешбір зақымсыз сақтауға мүмкіндік береді.

Туберкулезге шалдыққан әйелдерді жүктілік барысында емдеу процестің саябырлауына және босанғаннан кейін асқынуының алдын алуға көмектеседі. Туберкулезді емдеуді босанғаннан кейінгі уақытқа қалдыру дұрыс емес. Дәрігер дұрыс тағайындаған ем (туберкулезге қарсы препараттармен ) ұрықтың дұрыс өніп-өсуіне кедергі келдірмеуі тиіс. Туберкулезге шалдыққан ананың денсаулығы ұрықтың ағзасына әсер етпеуі тиіс. Тек асқынған процестер кезінде ғана салмағы аз және әлсіз сәбилер дүниеге келеді.

Анасы қарсылық танытпаған жағдайда, жаңа туған нәрестелерге перзентханада 4 күн ішінде БЦЖ вакцинасы жаслады.

Жаңа босанған ана туберкулездің белсенді түрімен ауыратын болса және оны оқшаулау мумкін болмаса, онда сәбиді 3 айдан кем емес мерзімге оқшаулау керек. 3 айдан кейін сәбиге Манту сынамасының нәтижесін есепке ала отырып, БЦЖ вакцинасы егіліп, иммунитетін жоғарылату мақсатында анасынан тағы 2 айға оқшаулау керек.

Туберкулезі нақты деп табылған жүкті әйелдер есепке алынып, учаскелік фтизиатрдың және акушер-гинекологтың қарауында болады.

Фтизиатр дәрігері: Ж.А. Оразова