«    Апрель 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 




Дүниежүзілік жұқтырылған иммунтапшылығы синдромы (ЖИТС)-пен күрес жөнінде

Біздің Республика өңірінде 2015 жылдың 10 қарашасы мен 10 желтоқсаны аралығында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні 1 желтоқсанға ойластырылған АИВТ инфекционның алдын алу жөнінде айлық өткізіледі.

Негізгі дәлелдер: - Адамдағы иммунтапшылығы вирусы (АИТВ) - иммундық жүйе жасумаларын, , оның қызметін зақымдайтын және әлсірететін ретровирус болып табылады. Бастапқы кезде инфекция белгісіз дамиды. Дегенмен, оның дамуына қарай иммундық жүйе әлсіреп, адам шартты патогенді инфекцияларға аса сезімтал болады. Жұқтырылған иммунтапшылығы синдромы (ЖИТС)- АИВТ инфекциясының сонғы сатысы.

АИВТ-инфекциясын жұқтырған адам ЖИТС-қа 10-15 жылда шалдығуы мүмкін, ал ол үдерісті ретровируска қарсы дәрі-дәрмек бәсендете алады.

АИВТ - галамдық қоғамдық денсаулық сақтау саласының басты мәселерінің бірі болып қалуда: казіргі таңда 39 миллион адамның адамның өмірін жалмаған.

АИВТ - инфекциясын АИВТ -ға антидененің бар немесе жоқтығын канды тестілеу арқылы анықтайды.

АИВТ -инфекциясынан айықтыратын дәрі жоқ. Бір ретровируска қарсы дәрі-дәрмекпен өтімді емдеудің арқасында вирусты бақылауға болады және АИВТ - жұқтырған адамдар сау және жемісті өмір сүре алады.

Қазақстан Республикасында 2014 жылы 12 айдың 12 айдың ішінде АИТВ жұқтырған тұлғалардың 2353 оқиғасы тіркелген, соның ішінде ҚР азаматтары - 2208 оқиға (100 мың халыққа шаққанда-12,7), шетелдік азаматтар-104 адам (4,6 % ) және құпия тексеруден өткен тұлғалар-41, (2013 жылдың 12 айында-1994 оқиға, көрсеткіш-11,6). Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2014 оқиғаға, ал көрсеткіш 1,1-ге өскен.

АИТВ инфекциясы оқиғасының өсуі Қарағанды облысында- 57 (1,2-есе), Шығым Қазақстанда - 56 (1,2-есе), Алматыда - 32 (1,0-есе), Жамбыл - 20 (1,2-есе), Оңтүстік Қазақстанда-20 (1,1-есе), Ақмола және Қызылорда- 5, Батыс Қазақстанда-4, Солтүстік Қазақстанда-3, Маңғыстауда-2 оқиға байқалған.

АИТВ оқиғасының тіркелуінің Атырау облысында 11 оқиғаға, Ақтөбе-6, Павлодар-4-ке төмендеуі байқалады.

2014 жылдың 31 желтоқсандағы жағдай бойынша АИТВ инфекциясының 24216 оқиға тіркелген, соның ішінде: шетелдік азаматтар- 1589, құпия тексерілген тұлғалар- 518 адам, ҚР азаматы-22109, 100 халыққа шаққанда көрсеткіш-128,0.

АӨТ-ның барлығы-16318, 100 мың тұрғынға шаққанда АИТВ-мен өмір сүретін тұлғалардың (АӨТ) таралу көрсеткіші-94,5 (АИТВ/ЖИТС-тан қаза тапқандарды есепке ала отырып облыс бойынша анықтау, құпия анықталған тұлғалар және шетелдік азаматтар 31.12.2014 ж.).

АӨТ-ның таралуының ең көп көрсеткіші Аллматы қаласында - (198,1), Павлодар облысында - (191,1), Қарағандыда - (179,0), Шығыс Қазақстанда - (198,1), Қостанайда - (126,3) байқалған.

АӨТ-ның 14 жасқа дейінгі балалар арасында таралу көрсеткіші 9,4-ті құрады. Балалардың арасында АИТВ инфекциясы оқиғасының көбі Оңтүстік Қазақстанда байқалады, онда 100 мың балаға шаққанда таралу көрсеткіші- 24,0, Қарағандыда- 14,6 және Алматы қаласында - 13,9.

Бәсекеге қабілеттіліктің ғаламдық индексі 114 көрсеткіш бойынша қалыптасады; олардың 34-і халықаралық ұйымдардың статистикалық мәліметерінің нәтижесі бойынша, ал басқасы компания жетекшілерінің сұхбаттарының нәтижесі бойынша есептеледі. Осы көрсеткіштердің негізінде бәсекеге қабілеттіліктің 12 факторы аңықталады.

ДЭФ-тің қыркүйек айында жарияланған есебінде сәйкес Қазақстан өткен жылғы орнын сақтап, 50-орынды иеленді. ҒБИ-дің 114 индикаторынан 62 индикатор бойынша жақсарту, 43 индикатор бойынша төмендеу байқалады, 7 индикатор бойынша өзгеріс жоқ.

Қазақстан оейтингінде ең айтарлықтай жақсарту АИТВ-ның таралуы бойынша болып, ол 45- орыннан 1-орынға шыққан. ҒБИ рейтингінде туберкулездің таралуы бойынша көрсеткіш 3-орынды иеленіп оң өзгеріс байқалған.

Ол үдерісті ретровирусқа қарсы дәрі-дәрмек ғаламдық қоғамдық денсаулық сақтау саласының басты мәселерінің бірі болып қалуда: қазіргі таңда 39 миллион адамның өмірін жалмаған. 2013 жылы әлемде 1,5 (1,4-1,7) миллион адам АИТВ-ға байланысты себептерден қаза тапқан. - Әлемде 2013 жылдың соңында шамамен 35 (33,2-37,2) миллионға жцық адам АИТВ инфекциясын жұқтырған, ал 2,1 (1,9-2,4) миллион адам оны 2013 жылы жұқтырған. АИТВ инфекциясынан айықтыратын дәрі жоқ. Бірақ ретровирусқа қарсы.

Кәзір денсаулық сақтау сатысында АИТВ/ЖИТС пен ауратын науқастар ретовируска қарсы дәрі-дәрмекпен 100 % қамтамасыз етіліп отыр. Науқастардың өміріне сапасын жақсарту, ортаға қайта оралу үшін ДДҰ ұсынған жаңа стандартар бойынша емдеуді еңгізу бойынша жұмыстар жалғасуда. Енді халықтың әлеуметтік осал тобымен, яғни инъекциялық есерткіш тұтынушылар, жезөкшелер, гомосексуалистермен жұмыс істеу жалғасуда. АИТВ-ны жұқтырудың басты жолдарының бірі жыңыстық қатынас болып табылады. Сондықтан жасөспірімдер арасында өткізілетін профилактикалық жұмыстың негізгі лайықты жыныстық мінез - құлық үлгісі болу кажет: тұрмыс кұруға мақсат кою, тұрмыс кұрғанша жыныстық катынасты кейінге қалдыру» бас тарату. Жыныстық тәрбие жасөспірімдерге жауапты шешім қабылдау қабілетін қалыптастыруға бағытталған. АИТВ инфекциясының алдын алуда екі жақты әдіс «Жыныстық қатынасты кейінге қалдыру» немесе болған жағдайда мүшеқапты дұрыс және үнемі қолдану тиімді болуы мүмкін.

Мүшеқап АИТВ, жыныстық жолмен жұғатын инфекция және мезгілсіз жүктілік секілді үш мәселеден бірден корғайды. Татуировка жасау, бөтен адамның ұстарасын қолдау кезінде кан арқылы жуғуы мүмкін екенін ұмытпау керек.

Бұгінгі күні: Біздің мақсатымыз: халыққа, әсіресе жас адамдар расында АИТВ - инфекциясының пайда болуы мен алдын алу, қоғамда науқастарды кемсітушілктің болуы және оны жою туралы мәселелер, ауруды дер кезінде анықтау мен медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы, өз денсаулығына және жақындарының денсаулығына ортақ жауапкершілік, жауапты мінез- құлықты қалыптастыру туралы ақпаратық деңгейін арттыру. Міндетіміз:

  1. Әр адамның, әсіресе жұмыс берушілер мен қызметкерлердің жауапты кәуіпсіз мінез- кұлкын ортақ жауапкершілігін калыптастыру.

  2. АИТВ инфекциясының таралуына қарсы әрекет етуде мемлекеттік, қоғамдық, үкіметтік емес, діни және басқа ұйымдар арасында сектораралық, ведомствалық дамыту.

Халық саулығы сіз бен біздің ұрпағымыздың жарқын болашағың кепілі. Сондықтан тұтқиылдан тап берген жұқпалы кеселдер мен есерткі қылмысына селқоз қарап, көз жұмудан қажет жоқ. Ұрпақ тағдыры өз қолымызда.

 

 

 

Ақмола облыстық ДСБ жаныңдағы «Қорғалжын ОАА» ШЖҚ МКК

АИТВ/ЖИТС жауапты дәрігер Р.С. Жакупбекова