«    Март 2024    »    
ПнВтСрЧтПтСбВс
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31




Біз неліктен АҚТҚ/ЖҚТБ жайында айтуға тиіспіз?

 

Сіздердің көпшіліктеріңіз АҚТҚ/ЖҚТБ жайында мұғалімдерден, дәрігерлерден, ата-аналардан және достарыңыздан естіген боларсыздар. Кейбіреулеріңіз ЖҚТБ Орталығының мамандары мен басқа да ұйымдардың тұрақты өткізетін іс-шараларына қатыстыңыздар.

АҚТҚ - (адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы) - ағзаны әртүрлі аурулардан қорғайтын қорғаныштық жүйені зақымдайды.

ЖҚТБ - (жұқтырған қорғаныш тапшылық белгілері) - АҚТҚ әкелген сырқат. ЖҚТБ - АҚТҚ жұқпасының ақырғы кезеңі.

 

Бүгінгі таңда АҚТҚ мен ЖҚТБ-дан жұқпасынан толығымен айығатын дәрілік заттар жоқ. Қоздырғыш адамның ағзасында өмір бойы қалады. Бірақ та АҚТҚ жұқпасының ЖҚТБ-ға өтуіне кедергі жасайтын дәрілер шығарылған.

 

Кез-келген адам АҚТҚ жұқпасын жұқтыруы мүмкін, алайда шынайы ақпарат тура болса, ауруды жұқтыруға себепші болатын тәуекелдік әрекеттен аулақ жүрсе, АҚТҚ/ЖҚТБ-дан сақтануға болады.

 

АҚТҚ-ныңжұғуы: 1. Қан арқылы:

  • АҚТҚ-мен зақымданған донордың қанын құйғанда немесе мүшелері мен тіндерін өзгелерге ауыстырып отырғызғанда.

  • Қан тамырына есірткілерді енгізген кезде ортақ ине мен шприцтерді қолданғанда.

  • Медициналық манипуляциялар кезінде өңделмеген құралдарды пайдаланғанда.

  • Татуировка мен пирсинг жасаған кезде өңделмеген құралдарды бірігіп пайдаланғанда. Бөтен адамның тіс щеткасы мен ұстарасын қолданғанда.

2. Жыныстық жолымен:

  • Қорғанышсыз (мүшеқапсыз) жыныстық қатынас кезінде.

3. АҚТҚ жұқтырған ананың жүктілігі, босану және ана сүтімен қоректендірген кезінде:

  • АҚТҚ жұқтырған анадан баласына жүктілік, босану және ана сүтімен қоректендірген кезінде.

 

Адамның АҚТҚ-мен зақымданған қалай білуге болады?

Адамның сыртқы бет әлпетінен оның АҚТҚ-мен зақымданғанын білуге болмайды. АҚТҚ жұқпасының диагнозын қанды тек зертханалық зерттеу арқылы анықтауға болады. Ағзада қоздырғаштың табылуы емес, оған қарсы өндірілген антидененің анықталуын айтады. Антиденелер - ағзаға енген қоздырғышқа жауап ретінде өндірілген арнайы ақуыздар.

 

Сырқат қалай өтеді?

АҚТҚ-жұқпасы - бұл баяу өтетін созылмалы ауру. Сондықтан ауру белгілері бірден пайда болмай, 5-7 жыл ішінде көрінеді. Аурудың алғашқы белгілері қандай? Шаршағыштық, жалпы әлсіздік, бірнеше топ лимфа түйіндерінің ұлғаюы. Бұл ЖҚТБ-нің басталғанын білдірмейді. Бірақ арнайы ем қолданылмаса жұқпа әрі қарай дамиды және ЖҚТБ-ның өршуіне әкелетін басқа да сырқаттар қосылады.

 

АҚТҚ жұқтырған адамдар өзгелермен бір қатарда өмір сүріп, оқып, жұмыс істеп, сүйе алады. АҚТҚ тұрмыстық жолмен берілмейтіндігін есіңізде сақтаңыз.

  1. Қол алысқанда және құшақтасқанда;

  2. Ыдыс-аяқ, тағам, дәретхана жабдықтары арқылы;

  3. Төсек жапқыштары және іш-киім арқылы;

  4. Тиын немесе қағаз ақша арқылы;

  5. Су және ауа арқылы;

  6. Ойыншықтар, мектеп жабдықтары, спортты құралдар арқылы;

  7. Есік тұтқалары мен көліктердегі ұстағыштар арқылы;

  8. Жәндіктер шаққанда;

  9. Достық сүйісу кезінде;

  10. Моншада, саунада, бассейіндерде